18:25, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Облыс әкімі ҚР Қарулы Күштерінің өңірдегі әскери басшыларымен кездесті
АҚТАУ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі ҚР Қарулы Күштерінің өңірдегі әскери басшыларымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отан қорғаушы мерекесі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қарулы Күштердің өңірдегі әскери басшыларымен кездесіп, оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 18 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ Ақтау әскери гарнизондарының үздік офицерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында біздің Отанымыздың Қарулы Күштеріне 18 жыл толып отыр. Осы қос мереке құтты болсын. Қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтар көп. Бірақ бәрін де батырлықпен жеңіп келе жатқан халықпыз. Ата -бабаларымыздың дәстүрін жоғалтпай келеміз. Ақтау гарнизонының сарбаздары Отанға адал қызмет етуде», деді МО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Амангелді Өтегенов.