Облыс әкімі Павлодардағы «Жол картасы» нысандарының жұмыс барысымен танысты

Әкіммен бірге дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асырылуымен Мәжіліс депутаты Мейрам Пішенбаев та танысып қайтты.
Облыс орталығында сәулет ескерткіштері, Бұқар жырау атындағы жүз жылдық тарихы бар әдебиет пен өнер мұражайы, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры, Славян орталығы жұмыс істейтін қаладағы ескі кинотеатр қайта құрастырылудан өтіп жатыр.
Әкім «ҚазСтройИмпульс» ЖШС мердігерінің атына сын айтты - бұл серіктестіктің құрлысшылары мұражай құрылысының жұмыстарын кешіктіруде, сондай-ақ олардың соғысқа қатысқан адамдарға арналған пәтерлерді қараша айына дейін салып үлгермейді деген де күдік бар.
Театрда облыс әкімі Алматыдан әкеліп салынған есіктердің сапасыз екенін байқады.
Б.Сағынтаев жақында Павлодар шетінде ашылған жеміс-жидек логистикалық пунктінде болды. Бұл жерде өнім төмен бағамен сатылып, республиканың оңтүстігінен жеміс-жидек әкелетін жүргізушілер мен тауар жеткізушілердің демалысы үшін жағдай жасалған.