08:08, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Облыс әкімінің орынбасары Р. Нұртаевқа ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі міндеті жүктелді
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұртаев Рзақұл Сәденұлына Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі міндеті қоса жүктелді.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қожаметов Сәбит Нұрмаханұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан, облыс әкімінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 52-ө өкімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлығынан босатылды.