Облыс басшысы еңбек ардагерлерімен кездесті

ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 21-інде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бір топ еңбек ардагерлерімен кездесіп, облыстың 2009 жылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңінен әңгімелеп берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақ Жайық өңірі үшін жыл жаман болған жоқ. Жоспарланған шаруалардың барлығы орындалуда. "Жол картасы" аясында елеулі жұмыс атқарылды. Елді мекендерді газдандыруға қатысты игі шаралардың өзі бір төбе. Бөкей ордасына газ барды, бірер күн бұрын ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Теректі ауданының орталығы - Федоров ауылында «көгілдір отын» алауы жағылды. Алдағы жылы Сырым мен Қаратөбеге газ жетеді деп жоспарлануда. "Осы игі бастамалардың қай-қайсысы да халықтың тұрмысын жақсартуды міндеттеген Елбасы тапсырмаларының жемісі", - деді облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар