Облыс басшысы «Казахстанская правда» газетінің өкілін қабылдады

ОРАЛ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс  Қазақстан  облысының  әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қазанның 30-да республикалық «Казахстанская правда» газеті АҚ төрағасының орынбасары Аманжол Абдуллаевты қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі таңда атқарып отырған қызметі мен рөлі туралы әңгіме өрбіді.

А.Абдуллаевтың айтуынша, газет редакциясы өзінің 90 жылдық мерейтойына әзірлену үстінде. Осыған орай газет өкілдері аймақтарда болып, оқырмандармен кездесуде. Республикалық басылымның сапасы соңғы кезде бұрынғыдан да жақсарып, жаңара түскен. Оған жазылушылардың саны да артып келеді. Мәселен, БҚО бойынша қазірдің өзінде 7,5 мың адам жазылған.

Соңғы жаңалықтар