Облыс басшысы ҚР Қол добы федерациясының президентін қабылдады

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін ҚР Қол добы федерациясының президенті Гүлнәр Тұрлыханованы қабылдады.
None
None

Кездесуде аталмыш спорт түрін өңірде дамыту мәселелері сөз болды.

Г.Тұрлыханованың айтуынша, қол добы елімізде жақсы дамып келеді. 2008 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Бейжің олимпиадасына қатысқаны белгілі. Екі мәрте Азия чемпионы атанған ел құрамасы алдағы осындай бәсекеде тағы да олжа салмақ ниетте.

Қазіргі уақытта қол добынан әйелдер арасында ҚР чемпионатының алғашқы туры Оралда өткізілуде. Осы жарыс барысында ел намысын қорғайтын ойыншылар іріктелетін болады.

Соңғы жаңалықтар