Облыс басшысы Щучьедегі медициналық әлеуметтік мекемеде тұратындарды Қарттар күнімен құттықтады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Щучьедегі медициналық әлеуметтік мекеме тұрғындарымен кездесіп, оларды Қарттар күнімен құттықтады, сый-сияпаттар тапсырды.
None
None

Мұнда бүгінгі таңда 93 қарт, оның ішінде 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, фашистердің концлагерінде болған бір адам мемлекет қамқорлығына алынған. Мекеме меңгерушісі міндетін атқарушы Людмила Арестованың айтуынша, қариялардың тұрмысы жақсы, тамағы тоқ, тиісті медициналық көмек көрсетуге орай барлық жағдай жасалынған. Алдағы қыс маусымына мекеменің әзірліктері ойдағыдай. Тұрғындардың өздері де өңірдің көпшілік-мәдени шараларынан қалыс қалмай, спорттық сайыстарға, өнер байқауларына қатысатын көрінеді. Өңір басшысы егде жандарды мерекемен құттықтап, мекемеге қажетті тоңазытқыш жабдығын, әрқайсысына жеке сыйлықтарын табыстады. Жергілікті кәсіпорын жетекшілері де өз тарту-таралғыларын әкелген. Кездесу соңы аудан өнер адамдарының концертіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар