Облыс басшысы соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады

ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 25-інде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Орал қаласындағы №43 орта мектептегі соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша жаңа ғимараттар бой көтергенін, сонымен қатар көптеген нысандар күрделі жөндеуден өткенін, алдағы уақытта да білім саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Аталмыш мектепке де өткен жылы 39 млн. теңгеге жөндеу жүргізілген болатын. Қазіргі кезде мұнда 530 оқушы білім алуда. Биылғы 20 түлектің барлығы да ҰБТ-ға қатысып, бақ сынамақ. Өткен жылы орташа балл 76,93-ті (облыстық көрсеткіш ? 73,30) құрады.
Соңғы жаңалықтар