19:45, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Облыс басшысы Тасқала ауданында болды
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұмыс сапарымен бүгін Тасқала ауданында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығы Тасқалада «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ғимараты ашылды. Бұдан бұрын күрделі жөнделген ғимаратқа 400 мың теңгеге жаңа жиһаз, құрал-жабдықтар алынды. Аудандық саз мектебі құрылысын «Acгерд-Building» ЖШС ( директоры А.Терехов ) жүргізді. Құрылыстың сметалық құны 52,899 млн. теңгені құраса, саз мектебі 1,987 млн. теңгеге жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Облыс басшысы «Жол картасына» сәйкес жөнделген аудандық мәдениет үйі мен спорт кешенінде, сондай-ақ аудандық ауруханада болды. Содан кейін аудан активінің жиналысына қатысты.