Облыс экономикасының даму қарқынын сақтау, ал орындаушылық тәртіпті көтеру керек - Шығыс Қазақстан әкімдігінде өткен кеңес

Мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі міндеттері - экономикалық көрсеткіштердің орындалуын былтырғы деңгейден түсірмеу және әкім осы мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша нақты өнім көлемінің болжамды индексі 98 пайызды құрады. Бұл дегеніміз, қалған уақыт ішінде ай сайын 1,8 пайыздық өсім болса, жылдың соңына дейін 100 пайыздық деңгейге жетуге мүмкіндік бар деген сөз.
Әкім сондай-ақ кеңеске қатысушылардың назарын инфляцияның өсуіне жол бермеу мәселесіне аударды. Ал ол үшін тараптардың өздері қол қойған меморандумдардың шарттарын орындауын тұрақты бақылауда ұстау керек. Әсіресе, азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына қатысты мәселелерде.
Шығыс Қазақстан республиканың индустрияландыру картасына 46 жоба ұсынып отыр. Бірақ, жұмыс мұнымен шектелмейді. Әрбір жоба бойынша оң сараптамалық шешімге қол жеткізу керек, дейді әкім.
Әкім сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің орындаушылық тәртіптерінің төмендігіне қатысты бірқатар ескерту жасады.