Облыстық филиалдың мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінің шешімдерін іске асыру жайы қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде партияның кезектен тыс ХІІ съезінің шешімдерін жүзеге асыру және Елбасының съезде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерді орындау жайы қарастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Салиқалы басқосуда сөз алған облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Альберт Рау съезде белгіленген басым бағыттарды тарқатып, алда тұрған алты міндетті іске асыру жайында ойын ортаға салды. Соған сәйкес, өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын шығаруды жалғастыру, металлургия, химия, энергетика өндірістерін дамыту, көлік және телекоммуникация саласының қайтарымды жұмысын қамтамасыз ету жайына ерекше назар аударылды. Бұл міндеттердің талап деңгейінде орындалуы әр бастауыш партия ұйымының, әрбір партия мүшесінің қайтарымды жұмысына байланысты болмақ. Бүгінде өңірдегі 35 мың 440 партия мүшесі 447 бастауыш ұйымға топтасқан. Тек жыл басынан бері 1324 адам мүшелікке қабылданған, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 694 адамға көп. Съезде атап көрсетілгендей, партия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, ішкі партиялық жұмысты жетілдіру, партия кадрларының тұрақтылығы, ізбасарлар тәрбиелеу, партиялық тәртіп жайы тілге тиек етілді. Жыл ішінде 8 лауазымды партия қызметкеріне сөгіс жарияланса, 357 адам партия қатарынан шығарылған. «Жаңа жылдан бастап партия ұйымы өзін өзі қаржыландыруды толықтай іске асыратын болады. Міне, ендігі іс- әрекет осы бағыттарға шоғырландырылуы қажет», деп атап көрсетті филиал төрағасы. Соған сәйкес нақтылы іс -шаралар айқындалып, басым бағыттар белгіленді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум