Облыстық мәслихаттың депутаттары 2010-2012 жылдарға арналған СҚО бюджетін бекітті

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлда облыстық мәслихат депутаттарының XX сессиясы өтіп, депутаттар онда 2010-2012 жылдарға арналған облыс бюджетін қарады. Сессия жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов қатысты.
None
None

Отырыстың басында облыстық мәслихат хатшысы К.Едіресов ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының 8 депутатының, олардың ішінде екеуі - облыстық мәслихаттан және алтауы аудандық органдардан мемлекеттік наградалармен марапатталғанын атап өтті.

2010-2012 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Е.Жоланов баяндама жасады. Ол бюджет жобасының Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты  Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілер ескеріле отырып жасалғанын айтты.

2010 жыл - «2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы» ҚР заңнамасының қолданысы аяқталатын жыл. Жалпы сипаттағы трансферттердің болжамын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі субъектілерге жеткізді және 2010 жылы - 40 млрд. 432 млн. теңгені, 2011 жылы - 34 млрд. 389 млн. теңгені, 2012 жылы 39 млрд. 099 млн. теңгені құрады. Жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау кезінде Солтүстік Қазақстан облысынан түсетін өз кірістері түсімдерінің көлемі ескерілді.

Алдын ала деректер бойынша 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысына республикалық бюджеттен қосымша 20 миллиард 420 миллион теңгенің мақсатты трансферттері мен несиелері бөлінетін болады. Республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттерді ескергенде облыс бюджеті 2009 жылға арналып бекітілген бюджеттің 20 пайыздық өсімімен 80 млрд. 237 млн. теңгені құрады. Баяндамашы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес әлеуметтік нысандар құрылыстарын салу мен жөндеуді қаржыландыруға толық тоқталды.

Депутаттар облыс бюджетін бірауыздан бекітті.

Соңғы жаңалықтар