15:05, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Облыстық мәслихаттың сессиясында су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға көмекке 100 миллион теңге жіберу туралы шешім қабылданды
ПЕТРОПАВЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Республикамыздың өзге де аймақтарының тұрғындары секілді солтүстікқазақстандықтар да су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының басына түскен жағдайдан сырт қалмады.
Облыстық мәслихаттың ХХҮІ сессиясында облыстық бюджетті нақтылау және аймақ дамуының өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарау барысында Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету мәселесі де қаралды.
Сессияда сөз сөйлеген облыс әкімі Серік Біләлов осы қиын жағдайда біздің отандастырымзға қолдан келгенше көмек көрсетуіміз қажет екендігін атап өтті.
Облыстық мәслихаттың депутаттары Батыс Қазақстан облысының зардап шеккен тұрғындарына 100 миллион теңге бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады.