Облыстық «Орал өңірі» газеті дағдарысқа байланысты жыр мүшәйрасын жариялады

ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында дағдарыстан өту кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарын да белсенділік танытуға шақырған болатын.
None
None
Осыған орай тоқсан жылдан астам тарихы бар Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясы жыр мүшәйрасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл өлең додасына қатысатындардың жасына шек қойылмайды. Үміткерлер бір-бір жырдан газет редакциясына биылғы мамырдың 1-іне дейін жолдауы керек. Қойылатын басты талап ? еліміздің дағдарыстан шығу жолдарын нұсқап, жұртшылықты бірлікке, елдікке үндеу, «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың ынтымағын жырға қосу. Мүшайраның бас жүлдесі ? 100 мың, екінші орын ? 50 мың, үшінші жүлде 30 мың теңге көлемінде белгіленіп отыр.
Соңғы жаңалықтар