Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа ғимаратқа көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіктегі тарихи-құнды жәдігерлер жаңа ғимараттың төрінен орын алды. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа нысанға көшіп жатыр, деп хабарлады otyrar.kz.
None
None

Батыр Кенесары Қасымұлының қылышы жаңа мұражайдың төрінен орын алды. Оны Кенесарының немересі әкеліп тапсырғалы бері құнды жәдігер қор сақтау бөлімінің қоймасында сақталып келді. Енді көптің назарына ұсынылмақ. Бұл «Қазақ хандығы және жаңа заман тарихы» атты жаңа бөлімнің жалғыз жәдігері емес.

«Мұнда бізде ХV ғасыр мен XIX ғасыр, яғни, Қоқан шапқыншылығына дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлер көрсетілген. Олар - қыш құмыралар, көне араб тілінде жазылған кітаптар және билердің, хандардың құжаттары», - дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Гүлмира Лазар.

Бұл тарихи жәдігерлер бүгінге дейін мұражайдың бұрынғы ғимаратының қорынан табылды. 94 жылдық тарихы бар мұражай дүниелері мұнда аз уақыт аялдаған жоқ. Тарихи-өлкетану мұражайына тиесілі жәдігерлер 37 жыл бойы осы ғимаратта жайғасты. Енді олар жаңа нысанға көшіріліп жатыр. Мұражай қызметкерлерінің сөзіне сенсек, әзірге мұнда 69000-нан астам жәдігердің бір бөлігі ғана қалды.

Ал жаңа нысанда толығу-жайғастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұражайда тағы табиғат, археология және палеонтология, этнография, Тәуелсіз Қазақстан атты тағы 4 бөлім бар.

Қазіргі кезде екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған.

Соңғы жаңалықтар