Облыстық тәртіптік кеңестің отырысы болып өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Байқоңыр аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарының орындалуы туралы департамент басшысы Мағауия Әжмолдаевтың есебі тыңдалды. Тәртіптік кеңес шешімімен М.Әжмолдаевқа құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тәртіпті нығайтуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру ұсынылды.
Облыстық Тәртіптік кеңесінің жұмыс жоспарына сай Сырдария ауданында жүргізілген тексерулер нәтижелері күн тәртібінде қаралған соңғы мәселе болды. Тексерулер қорытындысы бойынша аудандағы бірқатар ауылдық округтер әкімдерінің тәртіптік істері қаралды. Тәртіптік істері қаралғандардың көпшілігі осындай барлық тексерулерде жиі қайталанып, кездесіп отыратын кемшіліктердің орын алуына жол берген. Оған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру және аттестациядан өткізу ережелері талаптарын дұрыс орындамаушылық жатады. Сондай-ақ, «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң талаптары сақталмаған. Мәселен, бұйрықтардың нөмірі белгіленбеген, не қажетті жерінде мөр басылмай қалған.