13:52, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Огневка ауылында шахтаға 17 жасар бозбала құлап кетті - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Огневка ауылында ауылдан бір жарым шақырым жердегі шахтаға кешкі уақыт кезінде 17 жасар бозбала құлап кетті.
Іздестіру жұмыстары округ әкімі бастаған 15 жергілікті тұрғынның көмегімен жүргізілді. Бүгін таңертең бозбаланың денесі табылып, олар жер бетіне шығарылды.