ОКҚ делегациясы Венгрияда ақпараттық-сараптамалық серіктестік мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 14-15 мамырда Ержан Бабақұмаров басқарған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі делегациясы Будапештте сапармен болды.
None
None

«Хангари туризм» мемлекеттік компаниясы басшыларымен өткен кездесу барысында мажар мамандары ұлттық брендтерді шет елдерге танытып жылжыту тәжірибесімен бөлісті.

Мажарстан Премьер-министрі кеңсесінің стратегиялық әріптесі болып табылатын «Сазадвег» сараптамалық орталығында ақпараттық-сараптамалық саласындағы ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды.

Мажарстан Үкіметінің Коммуникациялық орталығы басшысы, мемлекеттік хатшысы, Мажарстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Золтан Ковачпен 2010-2014 жылдары Премьер-министр В.Орбан өткізген Мажарстан мемлекеттік қызметінің реформалары барысындағы коммуникациялық стратегия тәжірибесі талқыланды.

Сонымен қатар, Е.Бабақұмаровтың Мажарстан сыртқы істер министрінің орынбасары Чаба Балогпен өткен кездесу барысында Мажарстанның «Шығысқа ашылу» сыртқы саяси стратегиясының ерекшеліктері талқыланды., деп хабарлайды strategy2050.kz.

Соңғы жаңалықтар