ОҚО АІІБ уақытша ұстау абақтысында ішек таяқшасы табылды

ШЫМКЕНТ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның прокурорлары Созақ АІІБ уақытша ұстау абақтысында (УҰА) тексеру жүргізді.
None
None

Қадағалаушы органмен бірге төтенше жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеді.

Тексеріс абақтының санитарлық және өртке қарсы жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде екендігін көрсетті. УҰА-ның сөрелерінен және ыдысынан алынған талдаудың зертханалық сараптама нәтижесіне сәйкес, ішек таяқшасы табылды, ал кір төсек орын жабдықтары ас үйде ыдыспен бірге орналасқан.

Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде абақтыда өрт қауіпсіздігінің ережелері де сақталмайтыны анықталды.

Созақ аудандық прокуроры, әділеттің кіші кеңесшісі Нұрғали Асқанбековтың айтуынша, тексерістің қорытындысы бойынша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 312-ші және 323-баптарына сәйкес әкімшілік істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар