ОҚО ардагерлері аймақ басшысына табысты еңбек тіледі

«Тәуелсiздiктiң тұғырлы, елдiгiмiздiң баянды болуына сiздердей парасатты зиялы қауымның зор үлесi бар деп бiлемiн. Халқымызда «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Сiздер ұлыстың ұйытқысы атанған Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнiң дамуына, елiмiздiң егемендiгi үшiн айрықша еңбек сiңiрдiңiздер. Сiздердi алтын қазынамыз деп есептеймiз. Сондықтан да ақыл-кеңестерiңiз, өмiрлiк тәжiрибелерiңiз бiздер үшiн үлгi», - дедi облыс әкімі.
Алғашқы сөздi облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Жеңiсбек Мәуленқұлов алып, ардагерлерге мемлекет, облыс тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа алғысын бiлдiрдi.
«Бүгiнгi таңда облыста 220 мың ардагер мен зейнеткер бар. Олардың арасында кешегi күнi ел қорғаған ерлер де, шаруашылықтың сан саласында еңбек еткен көптеген мамандық иелерi де аз емес. Ардагерлер өз уақытында бiлiм-бiлiгiн, күш-жiгерiн ел игiлiгi үшiн жұмсады. Алдағы уақытта да қоғамның тыныштығын, елдiң ынтымақ-бiрлiгiн нығайтуға аға буын өкiлдерi барынша атсалыса бермек», - деп атап өткен Жеңiсбек Мәуленқұлов облыс әкіміне аймақ ардагерлерi атынан еңбегіне табыс тiледi.