ОҚО азаматтық істер жөніндегі сот алқасына жаңа төраға тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Түгел Бекбайұлы Бекімбетов тағайындалды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

ҚР Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқа төрағалары және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Түгел Бекбайұлы Бекімбетов, ал Шымкент қаласы Абай аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Сайдбаттал Лаулаұлы Тоқбергенов тағайындалды. Осыған байланысты, бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов Абай аудандық сотында болып, жаңа төрағаны ұжымға таныстырды. Осыдан кейін Нұрсерік Кәрімұлы облыстық соттың мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Т.Бекімбетовті ұжымға таныстырды. Ол бұған дейін Шымкент қаласы Абай аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар