ОҚО-да 11 адам қаза тапқан ірі жол апатының жаңа деректері белгілі болды

None
None
ШЫМКЕНТ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 11 адамның өмірін қиған жол-көлік апатының себептері жөнінде ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2012 жылдың 2 шілдесінде сағат таңғы 10-да Шымкент-Бадам-Арыс тас жолының 1- шақырымында «Форд-Транзит» шағын автобусы пен КамАЗ соқтығысты. «Шардара ауданының тұрғыны 17 адам мінген жолаушылар автобусын басқарған жүргізуші жолдағы малды айналып өтпек болып, қарсы бағытқа шығып, 24 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны басқарған «КАМАЗ-5410» көлігімен соқтығысты»,- деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Жол-көлік апатының салдарынан «Форд-Транзит» шағын автобусының 10 жолаушысы - Шардара ауданының Ұзын ата кентінің 8 тұрғыны мен Шымкент қаласының 2 тұрғыны оқиға орнында жантәсілім етті. Қаза тапқандардың ішінде 1999 және 2000 жылдардағы 3 бала бар. Тағы  бір жолаушы - Шардара ауданының 50 жастағы тұрғыны дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан көз ұзамай көз жұмды», -деді С. Қаракөзова.

«Форд-Транзит» көлігінің 6 жолаушысы мен 2 жүргізушісі әртүрлі деңгейдегі жарақатпен Шымкенттің қалалық ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 296 бабы бойынша «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram