ОҚО-да 25 қазаннан бастап жылу беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым өңiрдiң жылу беру маусымына дайын екенiн мәлiмдедi, деп хабарлайды okg.kz.
None
None

Облыс жұртшылығына белгiлi, 13 қазан күнi ауа райы күрт төмендеп, түстен кейiн Шымкент, Арыс, Түркiстан, Кентау қалалары мен Төлеби, Түлкiбас, Ордабасы, Бәйдiбек, Созақ аудандарында қар жауды. Күн райы кешкiсiн 4 градусқа дейiн төмендедi. Осыған байланысты облыс әкiмдiгi 13 қазан күнi кешкiсiн облыстың аудан, қалаларымен және салалық басқарма басшыларымен жедел селекторлық мәжiлiс өткiзiп, бюджеттiк мекемелерге жылу беруге нақты тапсырма жүктедi. Нәтижесiнде 14 қазаннан бастап облыстың бiлiм, денсаулық және әлеуметтiк салаларына қатысты бюджеттiк мекемелерге жылу берiле бастады. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша жылу беретiн «3-Энергоорталық» АҚ 74 МВт электр қуатын өндiредi. Аталмыш станса жылу беруге дайын.

12 қазандағы жағдай бойынша 1510 бiлiм, 951 денсаулық, 811 әлеуметтiк бюджеттiк мекеменiң қысқа дайындығы тексерiлiп, қажеттi 170,2 мың тонна қатты, 9,2 млн. литр сұйық отынмен қамтамасыз етiлдi. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етiлетiн 2278 көпқабатты тұрғын үйдiң 2242-сi (98%) жылу беру маусымына дайын.

Ал, Шымкент қаласындағы қалған 36 үйдiң дайындығы тексерiлуде. Жалпы, облыс тұрғындары 25 қазаннан бастап жылумен толық қамтамасыз етiледi. «Қазгидромет» мамандарының мәлiметiне сәйкес, қазан айының 15-21 күндерi аралығында күндiз 15-20, кей жерлерде 23-25 градус жылылық сақталады. Кейбiр аудандарда аздаған жауын болуы ықтимал.

Қазiргi таңда жылу беру маусымына дайындық барысы облыс әкiмдiгiнiң қатал бақылауында тұр.

Соңғы жаңалықтар