ОҚО-да 500-ге жуық модульдік үйлер салынатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық модульдік үйлердің құрылысы жүргізілетін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
None
None

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Ақ Ордасы корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, серіктестіктің жұмысымен танысты. Жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы корпорацияның модульдік үйлер өндіріс зауытында болып, баспана салудың жаңа тәсілімен танысты.

Жылына 1 мың дана үй салуға қауқарлы «Ak Ordasy Duilding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. 

Зауытты аралау кезінде корпорация төрағасы Ибадулла Қалыбеков облысымызда американдық тәсілмен салынатын 500 үйдің құрылысын жүргізуді ұсынып, оны қысқа мерзімде және арзан бағаға салуға болатынын, сондай-ақ, баспана маңынан жылыжай салынатыны жөнінде баяндап берді. Аталған жобаның тиімділігімен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ұсынысты қолдап, әкімдік тарапынан қажетті көмектің көрсетілетінін, тіпті, мұнда дуальді оқыту жүйесі аясында студенттер жұмыспен қамтылуы керектігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар