ОҚО-да ашылған медициналық сall-орталығында жұртшылыққа кеңес беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханада аймақаралық сall-орталығы ашылды. Бұл көрсетілетін қызмет сапасының артуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Енді ақпараттық орталықтың арқасында облыс тұрғындары өз проблемаларын денсаулық басқармасына жеткізе алады, қала дәріханаларына тегін дәрі-дәрмектердің түскендігін білулеріне болады, жалпы, өздерін қызықтырған сауалдары төңірегінде кез келген кеңесті алуларына қол жеткізеді. - Облыстық аурухананың базасында ашылған орталық азаматтардың ақпараттандыру деңгейін көтеру үшін және амбулаториялық ұйымдастыру қызметінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды қоюға арналған. Осында хабарласқан кез келген пациент өз сауалына, шағымына міндетті түрде толыққанды жауап алатын болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пакеев. - Біз өз тарапымыздан пациенттің проблемасын барынша тиімді әрі тез шешуге тырысатын боламыз. Облыстың бас дәрігері сall-орталығының облыстық аурухана басшылығының бастамасы бойынша ашылғандығын атап өтті. Медициналық мекеменің әкімшілігі осы орталықты жабдықтауға өз қаржысының есебінен 22 млн.теңге бөлген. Енді жыл соңына дейін барлық аудандық медицина ұйымдары осы орталыққа қосылатын болады. Әзірге мұнда төрт оператор жұмыс істеуде. Осындай орталық бір ай бұрын №5 Шымкент қалалық емханасында ашылған еді, ол қала деңгейінде жұмыс істеуде. Ал облыстық аурухана жанынан ашылған жаңа сall-орталығы облыс бойынша қызмет ететін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум