ОҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, 247,3 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісінде айтылды.
None
None

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, аумақтық органдар және «Нұр Отан» ОҚО филиалы партиясының өкілі қатысты.

Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметінен хабарлады.

Жиында 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі индикаторларының 9 айда орындалуы, облыс бюджетінің атқарылуы және әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы мәселелері қаралды. Жиында баяндама жасаған облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев даму бағдарламасының негізгі 162 көрсеткішіне тоқсан сайын мониторинг жүргізілетінін айтты. Басқарма басшысы осы жылдың тоғыз айында 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 289,8 млрд. теңгеге жеткенін мәлімдеді. Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, 247,3 млрд. теңгені құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,0%-ға артқан. Мәжілісте сөз алған облыстық құрылыс басқармасының басшысы К.Орашов өңірде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, спорт, тұрғын үй сынды 233 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Жиын соңында қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум