ОҚО-да болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиып кетті - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм автожолының 72-ші шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 1 адам мерт болып,
None
None

 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Жол-көлік оқиғасы кеше, қарашаның 2-сі күні «Фольксваген»  және «ВАЗ» автокөліктерінің қатысуымен болды. Нәтижесінде «Фольксвагеннің» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, 4 жолаушы, оның ішінде 3 жасар сәби түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар