19:03, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
ОҚО-да «Даму» қорының көмегімен төрт жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алды
ШЫМКЕНТ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2020» жәрмеңкесін өткізді, жәрмеңкеге аймақтағы кәсіпкерлер қатысты.

«Біз кездесуге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық қатысушыларын шақырдық», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жәрмеңкеден кейін ұйымдастырылған баспасөз туры барысында журналистер бағдарлама аясында несиеге ие болған жобалармен танысты. Барлығы 39 өтініш қабылданса, 10 жоба келісімге түсіп, 4 жоба қаржы алып үлгерген.