ОҚО-да демалыс күндері көлік апаттарынан 5 адам қаза тапты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы жол-көлік апаттарында 5 адам қаза тапты.
None
None

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы жол-көлік апаттарында 5 адам қаза тапты.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, демалыс күндері облыста 10 жол-көлік апаты орын алды. Онда 5 адам қаза тапты, 10-ы жарақаттанды. Арыс қаласында ірі апат болды. Онда «БМВ» көлігін жүргізген жігіт жолда жүру ережесін бұзып, 1970 жылы туған жергілікті тұрғын басқарған «Хюндай» көлігіне соғылды. Салдарынан «Хюндай» көлігіндегі 1995 жылы туған жолаушы мерт болды. Жүргізуші мен 1970 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда әйел адам сол жерде есін жимай қаза тапты. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды. Жолда жүру ережесін бұзған жүргізуші ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алды.

Ал Шымкентте Ақназархан көшесі бойында жүргізуші 1942 жылы туған жаяу жүргіншіні соғып, оқиға орнынан ізін суытты. Шымкент тұрғыны ауруханаға бара жатқанда көз жұмды. Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар