ОҚО-да екі дәрігерлік амбулатория ашылды

ШЫМКЕНТ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Арыс ауданының екі кентінде екі жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Оңтүстік Қазақстан облысының үшінші елді мекенінде таза ауызсу пайда болды.
None
None

Бір фельдшерлік-акушерлік пункт Дермене кентінде, екіншісі  Байырқұмда орналасқан. Жергілікті тұрғындар осындай амбулаториялардың салынуын ұзақ жылдар күтті. Мысалы, Дермене кентіндегі бұрынғы медициналық пункт 1956 жылы салынған, көптен бері күрделі жөндеуді қажет етті, ал амбулаторияда заманауи диагностикалық аппараттар тапшы болды. Жаңа пунктерде нақты диагнозды қою үшін қажеттінің бәрі бар. Медициналық көмекті жергілікті халық пен шалғайдағы ауылдардың тұрғындары алатын болады.

Ал Арыс ауданының Жиделі кентінде таза ауызсу пайда болды. Ауылда оны 20 жылдан астам  күткен еді. Бұл уақытқа дейін ауыл тұрғындары арық, жаңбыр суын ішіп келді. Жаңа су құбыры «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының арқасында іске қосылды. Республикалық бюджет қаражатынан 140 миллион теңге бөлінді.

Арыс ауданының әкімі Сейіт Ертайдың айтуынша, аудандағы тағы бірнеше ауыл суды 10 жылдан астам уақыт күтуде. Қазіргі кезде Монтайтас кентіне су жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар