16:25, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
ОҚО-да ірі кәсіпкердің өліміне оның жұбайы айыпталып отыр
ШЫМКЕНТ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкенттегі ірі көлік базарының иесі болған бизнесменнің өліміне оның жұбайы айыпталуда.

Кәсіпкер 3 жыл бұрын беймәлім жағдайда өлтірілген болатын. Марқұмның анасы ұлының өлтірілгені жөнінде айтып, полицияға арызданды. Сот-медицина сараптамасының қорытындысы бойынша, ер адам аминазинмен уланудың салдарынан мерт болған.
Сараптаманың қорытындысы бойынша АІІБ-де қылмыстық іс (кісі өлтіру фактісі) бойынша қозғалды.
Атап өтейік, үшжылдық тергеу амалдарының қорытындысы бойынша марқұмның өліміне қатысты күдік оның жұбайына түсіп, оған айып тағылды. Тексеру амалдары барысында анықталғандай, оны бұл қылмысқа баруға қызғаныш пен пайдакүнемдік итермелеген. Тергеушілер әйел бір айы бойы күйеуінен жасырып, сусындарына аминазин қосып беріп отырғанына сенімді.
Айта кетейік, бизнесменнің жұбайы 2 айға қамауға алынды.