ОҚО-да «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Ең үздік өнеркәсіптік бағыттағы тауар» аталымы бойынша мотор майларын шығаратын «HILL corporation» ЖШС жеңімпаз атанды. Екінші орынды ауруханаларға арналған құрылғылар шығаратын «Қазмедприбор» ЖШС алса, үшінші орынды өзінің қуатты трансформаторларын шығаратын «Кентау трансформатор зауыты» АҚ алды.

«Халыққа арналған ең үздік тауар» аталымы бойынша «Химфарк» АҚ бірінші орынды, «Комбинат Фараб» ЖШС екінші орынды, «Төбелді» шаруа қожалығы үшінші орынды алды.

«Ең үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша макарон өнімдерін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС бас жүлдені алса, «Тассай» минералды сусынын шығаратын «ЮНИКС» ЖШС екінші орынды қанағат тұтты, осы аталымдағы үшінші орын балмұздақ дайындайтын «Балмұздақ» ЖШС-іне бұйырды. Аймақтық байқаудың жеңімпаздары республикалық байқауға қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар