19:11, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
ОҚО-да қылмыскер 45 мың доллар тұратын есірткіні сатып жатқан жерінен қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты 31 шілде күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлімі «1,3» тармағымен күдікті деп танылған Х.Оздамировқа қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берді.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті Х.Оздамиров 2015.07.28. күні aдамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, әкесі А.Оздамировпен бірге 2840,8828 гр. аса ірі мөлшердегі есірткі зат - героинді «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүксалғыш бөлігінде жасырып, өткізу мақсатында заңсыз тасымалдаған. 29 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауылында 2840,8828 гр. аса ірі мөлшердегі героинді 45 000 АҚШ долларына Б.Халметовке өткізу барысында Х.Оздамиров пен А.Оздамиров қолма қол ұсталған.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қаулы заң күшіне енген.