ОҚО-да қылмыстық топ құрықталды

ШЫМКННТ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері көлік стансаларына шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
None
None

Қалада «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Полицейлер 1986 және 1988 жылғы екі күдіктіні «ізі суымай» ұстады. Олардың бірнеше қылмысқа, атап айтқанда 4 қарақшылық оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды. Айта кетейік, ол оқиғалардың бірі жанар-жағармай стансасы қызметкерінің өлімімен аяқталды. Күдіктілердің сондай-ақ тонау, 8 пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 10 млн.-нан астам теңгені құрады. Заттық айғақ ретінде травматикалық тапанша мен көлік алынды. ҚР ҚК-нің 179 бабы (Қарақшылық), 178 бабы (Тонау), 175 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар