ОҚО-да медициналық мамандар тапшылығы 2 есеге қысқарды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да медициналық мамандар тапшылығы 2 есеге қысқарды.
None
None

Денсаулық сақтау басқармасының директоры Жұмағали Ысмайылов брифингте ауылдық жерде бұл көрсеткіш екі еседен асатынын айтты. «Бізде кадр тапшылығы 2 есеге, ауылдық жерде 2,5 есеге төмендеді. Оқып жатқан мамандар он есеге көбейді. Үш деңгейлі оқыту жүйесін енгіздік, дәрігерлердің 86 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес оқытылады», - деп хабарлады ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Кадрлық саясат дәрігерлерге жақсы нәтижеге қол жеткізуге жәрдемдесті. Әрі амбулаториялық деңгейде дәрімен көптеп қамтамасыз етіле бастады, деп атап өтті медиктер. Облыста туберкулез, гепатит, ішек инфекциясымен ауыратындар саны азайды. Ана өлім-жітімі екі есеге қысқарды. «Ана өлімі 2,7 есеге азайды, ал нәрестенің шетінеуі 1,8 есеге қысқарды, түсіктерді 30 пайызға қысқартуға мүмкін болса, өміріне қауіп төнген топтағы 98 пайыз әйелдің өмірі сақталып қалды», - деді Ж. Ысмайылов.

Бұдан басқа, оның деректеріне сүйенсек, 4 жыл ішінде өңірде 308 нысан салынған. Оның ішінде 261-і алғашқы медициналық көмек пункттері: 10 емхана, 56 дәрігерлік амбулатория салынды. 152 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы 6 нысан салыну көзделуде. 2015-2016 жылдары екі емхана құрылысы бой көтермек.

Соңғы жаңалықтар