05:22, 30 Қыркүйек 2015 | GMT +5
ОҚО-да мұғалім оқушыны тапсырманы қайталауды сұрағаны үшін соққыға жыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Мартөбе аудандық мектебінде мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқаратын бастауыш әскери даярлық пәнінің мұғалімі оқушыны тапсырмалы қайталауды сұрағаны үшін соққыға жыққан.
11-сынып оқушысы Дәулет Құлтай тапсырманы қайталауды сұрағаны үшін таяқ жегенін әңгімелейді. Педагог оны әуелі сыныпта сыныптастарының көзінше соққыға жыққан, содан кейін көшеге алып шығып, ұруды жалғастырған, деп жазады Отырар.кз .
«Мен басымды қабырғаға соғып, есімнен танып қалдым», - деді оқушы.
Мектеп басшылығы бұл оқиға бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
«Мұқият тексеріп, анықтағаннан кейін бұл педагогке қандай шара қолданылатынын шешеміз. Қазір онымен Қаратау ауданының прокуратурасы айналысуда», - деді мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлмира Әбетаева.