ОҚО-да «Наурыз» апталығы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында жыл бойына 40-қа жуық іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шара жоспарына сәйкес түркі әлемінің халықаралық ақындар айтысы, түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және ұлттық кино және анимациялық фильмдердің, қолөнер шеберлерінің, музыка фестивальдері ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

Сонымен қатар түркі мемлекеттері әйелдерінің, медиа, тарихшылары, журналистер форумдары, суретшілердің кездесуі, әдеби журналдар редакторларының конгресі, ақын, жазушылармен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған пресс-турлар өткізіліп, кітап көрмелерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан үш жақты қол қоюмен бекітілген.

«21 наурыз күні Түркістан қаласында аталған жобаның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар