ОҚО-да облыстың 80 жылдығына орай балабақша, мектеп және неке сарайы ашылды
ОҚО-ның әкімі А.Мырзахметовтің айтуынша, жұмыстың дәл осындай әдісі инвесторға да, мемлекетке де тиімді. Оңтүстік Қазақстанның әкімі бір бала орнының шамамен 2,5 есеге арзан тиетінін атап өтті. Бұл ретте ата-аналар да үнемдейді, өйткені төлемнің бір бөлігін бюджет мойнына алады.
Балабақша заманауи стандарттар бойынша салынды. Мұнда оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша, ағылшынша. Балабақшаның жалпы ауданы 14 мың шаршы метрді құрайды. Ғимаратта сондай-ақ қысқы бассейн бар.
Сайрам ауданындағы тағы бір жаңалық - мектеп ашылуы. Жаңа білім ордасы компьютерлік техникамен жабдықталды.
Ал Ақсукент ауылында неке сарайы бой көтерді. Ол аудандық бюджет есебінен салынды. Сарайдың ашылуына жаппай неке қию рәсімдері орайластырылды. Бір уақытта бірден 4 жұп некелерін қидыртты.