ОҚО-да полицейлерді кезектен тыс аттестаттау аяқталды

ШЫМКЕНТ. 15 қараша. ҚазАқпарат - ОҚО-да полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау аяқталды.
None
None

Оңтүстік Қазақстанда кезектен тыс аттестаттаудан ішкі істер департаменті басқармаларының, қалалық және аудандық бөлімшелердің 148 басшысы өтті.

 Аттестаттаудан барлығы 4600 қызметкер өтті. Олардың ішінде 131 адам қызметте жоғарылатуға ұсынылды, 3876 адам қызметтеріне лайық деп табылды, ІІД-нің 226 қызметкері қызметтеріне лайықсыз деп танылды, тағы 115 адам басқа қызметке ауысуы, ал 252 полицей жұмыстан шығарылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар