ОҚО-да шенеунік бюджеттік қаражатты талан-таражға салу күдігімен ұсталды

ШЫМКЕНТ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы ұсталды.
None
None

Шенеунік бюджетті қаражатты таран-таражға салуға айыпталуда. Облыстағы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметтер бойынша, бөлім бастығы және екі кәсіпкер тиісті сертификатсыз екі көлік эвакуаторын сатып алу туралы қабылдау-тапсырудың жалған актілеріне қол қойған. Келтірілген шығын 8,8 млн. теңгені құрады.

Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар