ОҚО-да тәулік ішінде жол апатынан 6 адам көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да бір тәулік ішінде жол апатынан 6 адам көз жұмды. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, тағы 11 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
None
None

Созақ ауданында Екпінді-Бірлік тас жолында жол апаты орын алды. «Ауди» көлігі «Лексуспен» соқтығысып қалды. Апат салдарынан Созақ ауданының 6 тұрғыны зардап шеккен. Сонымен бірге оқиға орнында «Ауди» көлігінің үш жолаушысы, 1977, 1984, 1999 жылғы әйел адамдар көз жұмған. Олар да жергілікті тұрғындар. Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Бүгін Көксаяқ-Шаян-Мыңбұлақ жолында да жол апаты болды. Белгілі болғандай, «Нексия» көлігін мінген 1973 жылғы Шымкент тұрғыны Мыңбұлақ ауылына қарай бет алған. ер адам рульге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіне шығып кетеді де, көлік аударылып қалған. Апат салдарынан оқиға орнында жолаушы көз жұмды. Ол - журналист болып қызмет атқаратын 1978 жылғы Түркістан қаласының тұрғыны. Жүргізуші аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Тағы бір жол апаты Қазығұрт ауданында болды. Онда жеңіл «Ауди» көлігі КамАЗға соғылып қалды. Полиция мәліметіне қарағанда, жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігінің артынан барып соғылған. Салдарынан «Ауди» көлігінің жолаушысы көз жұмды. Ал 75 жастағы жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар