ОҚО-да түнгі клубта кісі өлтірді деген күдікпен үш адамға іздеу жарияланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Үш жас жігітке «Pandorra» түнгі клубында кісі өлтірді деген күдік тағылуда.
None
None

ОҚО полицейлері Шымкенттің 1991, 1993, 1996 жылы туған үш тұрғынына іздеу жариялады. Оларға сенбіден жексенбіге қараған түні түнгі клубта кісі өлтірді деген күдік тағылуда. Бағдар барлық полиция бөлімдеріне берілді. «Еңбекші ауданында таңғы сағат 4-те облыстық клиникалық ауруханадан оларға желкесінен оқ тиіп қайтыс болған белгісіз ер адамның мүрдесі жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері өлтірілген адамның 1993 жылы туған Шымкент тұрғыны екенін анықтады. Куәгерлердің айтуынша, клубта жігіттер арасында жанжал, келіспеушілік туындаған. Одан кейін біреуі қару алып шығып, ер адамға оқ атқан. Ол ауруханаға әкеле жатқан жолда көз жұмған», - деді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Атыс үй-жайдың ішінде болғанын нақтылады. Одан басқа ешкім зардап шекпеген. Күдіктілер қаруды өздерімен бірге алып кеткен. Жанжал, атыс видеоға түспегені, клубта видео бақылау жүйесі істен шығып тұрғаны  анықталды.  Қазір ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 287-бап бойынша сот алды тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар