ОҚО-да «Түркістан тарихы» музейі жаңартылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «25 жылдыққа - 25 шара» жоспарын бекіткен болатын. Жыл басынан бері Жұма мешіті музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Асхана, Құдықхана бөлмелері музейлендіріліп келушілерге қызмет көрсетуде.
None
None

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Түркістан тарихы» музейі есігін қайыра ашты. Қайта түлеген музей экспозициясы келушілерге Түркістанның тарихынан тың ақпарат берері сөзсіз. «Түркістан тарихы» музейінің экспозициясы өткен сегіз айда жүргізілген реэкспозициялық жаңғырту, толықтыру, ескі экспозициялық қойылымдарды мүлде жаңа шешімде қайта құру жұмыстары нәтижесінде 60 пайызға жаңартылды.

Музейдің салтанатты ашылу конференциясының жұмысына қала әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, қалалық музей өкілдері мен басшылары, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Айта кетейік, «Түркiстан тарихы» музейi орналасқан ғимарат - ХIХ ғасырда салынып әскери казарма ретiнде пайдаланылған. Кеңес заманында тiгiн тоқыма фабрикасы қызметiн атқарған. ХIХ ғасырда салынған сәулет ескерткiшi мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп 2000 жылы «Түркiстан тарихы» музейi-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берiлдi. Музейден тарихи, рухани қаланың өткенi, кешегiсi туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегiз бөлiмнен тұрады. Музей қызметкерлерiнiң мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретiнде түрленте беру.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда:  «Қазақстанның рухани орталығы - Түркістан», -деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын орны ерекше.

Соңғы жаңалықтар