ОҚО-да Ұлттық жастар дельфийлік ойындары өтті (ФОТО)

Биыл ХІІ рет шымылдығын түрген бұл байқауды Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.
Шығармашылық саланың 15 түрінен: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, домбыра, қылқобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, халық биі, классикалық би, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика, поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы сияқты номинациялар бойынша тартысты өткен шығармашылық додаға аудан-қалалардан 200-ден аса жас қатысты.
Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастардың 39-ы түрлі өнер аталымдар бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Ақмола облысы, Степногорск қаласында өтетін ХІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының Республикалық байқауына жолдама алды.