ОҚО-да жаңадан 100 кооператив құрылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда жаңадан 100 кооператив құрылады. Оған 12,5 млрд. теңге қаржы бөлу көзделуде. Аталған соманың 3,2 млрд. теңгесі тұрғындарды жұмыспен қамтуға жұмсалмақ. «Қазагроном» өндірістік жылыжай кешенінде болған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді. Шаруалардың басын қосқан жиында аймақ басшысы кооператив құрудың тиімділігін айтып, ұсақ шаруа қожалықтарының бірігуіне кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Өңір басшысы алдағы кезде жылыжайлардың көлемін 5 мың гектарға дейін ұлғайту межеленгенін жеткізді. Айта кетейік, «ҚазАгроном» кәсiпорнының ашылғанына небәрi үш жыл болған. Мұндағы мамандар жылыжай салу ісіндегі әлемдiк тәжiрибені игерген. Әзірге жылыжайда қиярдың тез өнетін үш сұрыпы егiлген. Жылыжайдағы көкөністер жаңа технолигиямен өсірілуде. Осының арқасында жылына екi рет - ақпан айынан маусымға дейiн және тамыз айынан желтоқсанға дейiн өнiм алынуда. Келер жылға диқандар жылыжай көлемін тағы 6 гектарға арттыруды көздеп отыр.

Бүгінде өңірде жылыжайлардың көлемi 1 116 гектарға жеткен. Оның 800 гектардан астамы соңғы алты жыл көлемінде салынған. Былтыр өңiрдегi жылыжай шаруашылықтарынан 150 мың тонна өнiм жиналды. Индустрияландыру картасы шеңберiнде облыс бойынша 183 млрд. теңгеге 137 жоба iске қосылды. Жаңадан 11 мың жұмыс орны ашылды.

Жиында сондай-ақ ірі-қара малды өсіру технологиясы мен субсидияның жайы айтылды.

Соңғы жаңалықтар