ОҚО-дағы металлургиялық зауыттың құрылысы уақытша тоқтатылды - KAZNEX INVEST

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі металл бағаларының төмендеуіне байланысты Қытай инвестициясымен салынып жатқан Оңтүстік Қазақстандағы металлургиялық зауыттың құрылысы уақытша тоқтатылды.
None
None

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте KAZNEX INVEST компаниясының басқарма төрағасы Борисбий Жанғұразов мәлім етті.

«Шынымен, ОҚО-да 1 млн. тонна өнім шығара алатын металлургиялық зауыттың құрылысы басталған болатын. Жобаны бастағандар осы зауыттың құрылысына қатысты ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарды, қытайлық тапсырыс берушілермен келіссөздер жасалып келді. Бірақ бірқатар себептерге байланысты, әлемдегі металл бағаларының құлдырауынан, аталмыш жоба уақытша тоқтатылды», - деді Борисбий Жанғұразов.

Оның сөзі бойынша, егер әлемдегі ахуал жақсарған кезде аталмыш зауыттың құрылысы жанданады.

«Аймақта ресурстық база қалыптасқан, қажетті инфрақұырылым мен кадрлар бар. Сондықтан біз әлемдегі ахуал жақсарғаннан кейін, аталмыш жоба қайта жанданады деп үміттенеміз», - деді KAZNEX INVEST агенттігінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар