02:05, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
ОҚО диқандары мақтаны қайта егіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары ауа райының қолайсыздығынан кейбір жерлерге 2-рет мақта шитін егуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлады 24.kz

Өйткені, жауыннан кейін пайда болған қатқақты жарып шыға алмай, ылғалда қалған тұқымдар шіріп кеткен. Табиғаттың тосын мінезі осылайша шаруаларды шығынға батырып жатыр. Жер өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін толық игерген диқандар жаздағы еңбегінің ақталатына сенімді.
Диқандар соңғы 10-15 жылда мұндай жауын-шашынның болмағанын айтады. Шаруалар 1 маусымға дейін мақта шитін сеуіп үлгеруге тырысып жатыр. Кешіксе, күзгі суыққа ұрынып қалуы мүмкін.