ОҚО еңбек инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен аталған басқарманың басшысы әрі Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды , деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Алмасбек Кеңесбекұлы бұған дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.

Айта кетейік, Алмасбек Мамытбеков 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы - география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.

Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы лауазымынан бастаған. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының, Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

Соңғы жаңалықтар