11:10, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
ОҚО этномәдени орталықтардың музыканттары мәскеулік «Қазақ тілі» АҚБ өкілдері үшін концерт қойды
ШЫМКЕНТ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Қазақ тілі» аймақтық қоғамдық бірлестігінің Мәскеудегі кеңсесінде шымкенттік музыканттар - баяншы Борис Құлмұхамедов пен «Надежда» квартеті Мәскеудегі жерлестеріне арнап концерт қойды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени орталықтардың өкілдері мәскеуліктерге арнап славян халқының көптеген өлеңдерін шырқады.
«Қазақ тілі»аймақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбуислам Тұрсынбаев оларды өз әріптесіміз деп атады, себебі олар тарихи отанынан алыс жүргенімен өз халықының мәдениеті мен тілін сақап, насихаттауда.