ОҚО: Кентау қаласында жаппай жүгіруден марофон ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және кенді Кентау қаласы күніне орай тұрғындар арасында жүгіру марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат.
None
None

Жарыс жолы үш шақырым жерді құрайтын спорттық шараға шағын қаланың 500-дей тұрғыны қатысты. Марафонға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім саласының мамандары мен белсенді қала жастары қатысты. Олардың қатарында 58-ді алқымдаған Ахмет Шерметов те бар. Спорт бапкері жарысқа қатысқан барша тұрғынға алғысын білдіріп, келе жатқан қала күні мерекесімен құттықтады. Жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған марафонға қатысушылардың қарасы қалың. Өз кезегінде Кентау қалалық спорт бөлімінің басшысы тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, оны дамытуда түрлі спорттық шаралар жалғасын табатынын жеткізді.

«Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы қарсаңында қаламызда жүгіруден марафон ұйымдастырылуда. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұстаздар, колледж студенттері қатысты. Бұл жарыс Кентау қаласының 61 жылдығына арналып отыр», деді Кентау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Мұсабаев.

Кентау қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада жүлделі орын алған спортшылар қала күні мерекесінде марапатталатын болады. Бұқаралық спорт сайысының салтанатты марапаттау рәсімі қазанның 15-і,  Ынтымақ алаңында  «Кенді қала күні» мерекесінде өтеді.  

Соңғы жаңалықтар